Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады - ИИДМ

Azattyq Rýhy

Рейстер әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады

Қазақстаннан Грекияға жаңа әуе рейсі ашылады - ИИДМ
Фото: ашық дереккөзден

Биыл 1 маусымнан бастап Қазақстаннан Грек Республикасына жаңа әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек Республикасының авиация саласында жүргізілген жұмыс қорытындысы бойынша 2022 жылғы 1 маусымнан бастап Air Astana әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO ұшағымен орындалады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.