$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қызылордада аула сыпырушылар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды

Қала тазалығына жауапты жұмысшылар 1 маусымнан бастап тегін жүру билетіне ие болады   

 

Қызылордада аула сыпырушылар қоғамдық көлікте тегін жүретін болды
Коллаж: atpress.kz

«Қызылорда Тазалығы» мекемесінің жұмысшылары қоғамдық көлікте тегін жүретін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауына келген «Қызылорда тазалығы» КММ-нің жұмысшысы Гүлайым Қарғабаева 18 жылдан бері осы қызметті атқара жүріп, қоғамдық көлікте жиі қатынайтынын және бұл қалтаға әжептеуір салмақ салатынын айтып, аймақ басшысынан көмек сұрады.

Облыс әкімі «Қызылорда тазалығы» мекемесінің жұмысшыларының еңбегі аса жауапты әрі қиын екенін алға тартып, қала әкімі Асылбек Шәменовке 1 маусымнан бастап қоғамдық көлікте тазалықшылар үшін тегін жүру билетін енгізу қажеттігін тапсырды.

«Күннің ыстық-суығына қарамастан адал еңбек етіп, қаланың тазалығын сақтап жүрген «Қызылорда Тазалығы» ЖШС жұмысшыларына құрметіміз ерекше болуы тиіс. Таңның атысы мен кештің батысына дейін көше аралап жүретін азаматтарға барынша қолдау көрсетілуі қажет. Сол себепті, 1 маусымнан бастап бұл мекеменің барлық қызметкерлерінің қоғамдық көлікте тегін жүруін ұйымдастыру керек», - деді Н. Нәлібаев.

Серіктес жаңалықтары