Кредиттік рақымшылық жасалмайды – агенттік

Azattyq Rýhy

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі шындыққа жанаспайтын хабарламаларды таратпауды сұрайды

Кредиттік рақымшылық жасалмайды – агенттік
фото: thebell.io

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде таратылып жатқан «кредиттік рақымшылық» жасалды әрі халықтың қарызы есептен шығарылды деген ақпараттың жалған екенін ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 Желіде «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Мемлекет басшысының 2019 жылғы 26 маусымдағы Жарлығын орындау үшін қабылданған «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайтуға бөлінген қаражатты пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі қаулысына қатысты үш жыл бұрынғы ақпарат бар 2019 жылғы бейнеролик таратылуда.

Осы Қаулы шеңберінде көмек 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілді. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді.

"Қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ. Бұл бастама бір реттік бастама болды", - делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарламасында.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.