$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Елордада «Қылмысқа жол жоқ» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
фото: egemen.kz

Елордада жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 32 жүргізуші ұсталып, медициналық куәландыруға жеткізілді және олардың 29-ы мас күйінде болғаны анықталды. Коммуналдық тұраққа 25 автокөлік қойылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сағат 01:00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы ПД Мамандандырылған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Сарайшық көшесінде 26 жастағы жүргізушінің басқаруымен «Toyota Yaris» маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде екені анықталды. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Тәртіп бұзушының автокөлігі коммуналдық тұраққа қойылды»,-деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.

Сонымен қатар, кешкі сағат 22:00 шамасында Герцен көшесінде полиция қызметкерлері «Мерседес» автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде автокөлік салонынан алкогольдің иісі шығып тұрған. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде болған. Жүргізуші бұрын автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ҚК 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды. 

Серіктес жаңалықтары