БҚО-да шенеунік 40 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды

Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы әшкереленді, ол «Ж» ЖШС директорынан ЖШС пайдасына салықтық тексерудің оң актісін шығарғаны үшін аса ірі мөлшерде 40 млн.теңге пара алды деп күдіктелуде.
Тергеу мүддесінде және ҚР ҚПК 201-бабының тәртібінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.
Күдіктіге қатысты кінәлілік дәрежесін анықтаумен түпкілікті шешімді сот қабылдайды.