$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Түркістанда референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті

5 маусымда Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау бойынша бүкілхалықтық Референдум өтеді

Түркістанда референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті
фото: облыстық әкімдіктен

 Референдумның саяси маңызын насихаттау мақсатында Түркістанда Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары және Шымкент қаласы мәслихатының хатшылары, тұрақты комиссиялары мен төрағаларымен және жергілікті депутаттармен және облыс, қала, аудан Қоғамдық кеңестері мен Ардагерлер ұйымдары төрағалары, мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі республикалық штабтың және «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мұқашев Төлеубек модератор ретінде кездесуді ашып жүргізіп отырды.

"Референдум - халық билігінің айқын үлгісі, әрбір қазақстандықтың өз азаматтық ұстанымын білдіру арқылы Жаңа Қазақстанды құруға тікелей үлес қосуының жарқын көрінісі. Мемлекет Басшысының Жаңа Қазақстанды, екінші республика құру идеясының Референдум өткізуден бастау алуы - тарихи оқиға. Өйткені, бұл 27 жылдан кейін өткізіліп отырған екінші Референдум. Бұған дейінгі Конституцияға өзгерістер Парламентте талқыланып, енгізіліп келген. Өткізілгелі отырған Референдумның тарихи мән-маңызы ол тұтастай ұлттың тағдырына қатысты мәселелерді халықтың талқысына шығару, оның мемлекеттік билікке тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, демократия негіздерін орнықтыру" деген Төлеубек Төлеуұлы жиын қатысушыларына сөз берді.

Республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ізмұхамбетов Бақтықожа референдумның ел болашағы үшін, ұрпақ келешегі үшін қажеттілігіне тоқталса, Түркістан облыстық маслихат хатшысы Қайрат Балабиев тағдыршешті референдумның жаңа Қазақстан құрудағы рөлін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#референдум