22.05.2022, 10:26
Жаңалықтар
Елордада қоғамдық көлікте оқушы қызға қол жүгірткен ер адамның кім екені анықталды
Қазіргі уақытта аталған азамат ұсталып, тексеру жүргізілуде
фото: altapress.ru
Елордадағы қоғамдық көлікте жасөспірім қыз балаға тиіспек болған ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy astanatv-ға сілтеме жасап.
«19 мамыр күні сағат 20:12-де "Сарыарқа" ауданының полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелетке толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы өтініш келіп түсті. Қазіргі уақытта аталған азамат ұсталып, тексеру жүргізілуде», деп көрсетті Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)