ШҚО-да өзгенің атынан заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің Алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

ШҚО-да ер адамның атынан заңсыз несие рәсімдеп алған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Сәуір айының ортасында Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне алаяқтың арбауына түскен 29 жастағы ер адам жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, бұған дейін бейтаныс жігіт ипотека ресімдеуге көмектесемін деп оның жеке деректерін пайдаланып, мобильді қосымша арқылы оның атына үш млн теңге көлемінде ақшалай несие ресімдеген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы облыс орталығы тұрғынын ұстады.
Күдіктіден жауап алу барысында ол кінәсін мойындады.