Биыл 920 оқушы республикалық олимпиадада жүлделі орын алды – министр

Azattyq Rýhy

183 оқушы блім жарысында алтын медаль жеңіп алған

Биыл 920 оқушы республикалық олимпиадада жүлделі орын алды – министр
фото А.Аймағамбетов/ Facebook

Биыл 920 оқушы республикалық олимпиадада жүлделі орын алды. Бұл туралы БҒМ басшысы Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Кеше Алматыда қала мектептерінде оқитын республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтадым. Жеңімпаздарға дипломдарын табыстап, дарынды балалардың сұрақтарына жауап бердім. Биыл жүлделі орындарды еліміздің барлық аймағының 920 қатысушысы иеленді. 183 оқушы алтын, 274 оқушы күміс және 463 оқушы қола медаль иегері атанды. Олар аудандық, қалалық, облыстық олимпиадалардың елегінен өтіп, республика көлеміндегі үздіктердің үздігі атанды. Жас қатысушылардың жеңістері барынша әділ болуы үшін биыл біз барлық деңгейдегі олимпиаданы өткізу процесін автоматтандырдық. Яғни олар электронды форматта өтті. Былтыр оқушыларымыздың әлемдік деңгейдегі олимпиадаларда жеңіп алған медальдары рекордтық көрсеткішке жетті. Биыл өз рекордымызды жаңартамыз деп үміттенемін», деп жазды министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.