$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырауда 10 жасар бала кәрізге құлап кетті

Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ

Атырауда 10 жасар бала кәрізге құлап кетті
Фото ашық дереккөзден

Атырауда 10 жасар бала кәрізге құлап, түрлі жарақат алды. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 20 мамырда болған.

Атырау облыстық балалар ауруханасы баланың 2011 жылы дүниеге келгенін хабарлады. Ол ауруханаға 12:25-те жедел жәрдем көлігімен жеткізілді.

«Баланы травматологтар қарады. Екі проекцияда бас сүйегінің рентгені түсіріліп, алғашқы хирургиялық ем жүргізілді. Диагноз: оң жақта тізе аймағының жұмсақ тіндерінің көгерген абразиясы және бастың самай бөлігінің жұмсақ тіндерінің көгеруі. Бала тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бақылауға жіберілді», - делінген аурухана хабарламасында.

Ал «Атырау облысы су арнасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны «көрсетілген аумаққа құдық орнатылып жатқанын» хабарлады.

«Жұмыс орны қоршалған. Құдықтың өзі жабылған. Құдық қабырғасындағы бос жерді ғана толтыру қалды. Жұмысшылар қабырғаны толтыру үшін топырақтың жеткізілуін күтті. Қасынан өтіп бара жатқан бір топ жігіт кенет қоршаудың артына жүгірді. Балалар тоқтаңдар деген ескертуге жауап бермеді. Салдарынан олардың бірі абайсызда құдықтың шетіндегі ойыққа түсіп кеткен. Қазір баланың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ, тек жеңіл жарақаттар алған», - деп хабарлады «Атырау облысы су арнасы» КМК.

Серіктес жаңалықтары