$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында кәсіпкерлікпен айналысқан 10 мектеп директорына айыппұл салынды

Мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдау керек

Маңғыстау облысында кәсіпкерлікпен айналысқан 10 мектеп директорына айыппұл салынды
Фото ашық дереккөзден

Маңғыстау облысында 10 білім ұйымының басшысы кәсіпкерлік қызметпен айналысып, заң бұзушылықтарға жол берді. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 154-бабы бойынша іс қозғалып, кінәлілер айыппұл төледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірде осы сарындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Маңғыстау облысы бойынша департаменті білім мекемелерінің басшыларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді түсіндірді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңда мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған. Бүгінгі күні мектеп директорларының арасында кәсіпкерлікпен айналысқан тұлғалар анықталып отыр», - деді Маңғыстау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті превенция басқармасының басшысы Қайрат Бәйгебаев.

Бұдан бөлек, спикер мемлекеттік орган басшылары өздеріне бағынысты мекеме басшыларын тағайындау кезінде олардан активтері мен міндеттері туралы декларация қабылдауы шарт екенін айтып өтті.

Олай болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшылары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңның 11-бабын бұзған болып есептеледі.

Серіктес жаңалықтары