Ақтауда көлікті ата-анасының рұқсатынсыз айдап кеткен 15 жастағы жасөспірім полицейлерден қашты
Құқықбұзушы кәмелетке толмағандықтан, ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды
Ақтауда 15 жастағы жасөспірім ата-анасының рұқсатынсыз көлік айдап, полицейлерден қашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті lada.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицейлер 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз Hyundai Tucson көлігін тізгіндегенін айтты. Оқиға 19 мамырда кешке 30-шағын ауданда болған. 15 жастағы жасөспірім полицейлерден жасырынбақ болып қашқан. Ол Hyundai Tucson көлігін тізгіндеген кезде жол ережесін бірнеше мәрте бұзып, тәртіп сақшылары көлікті тоқтатқан.
Рөлде 15 жастағы жасөспірім екен. Полицейлердің мәліметінше, ол мас болмаған.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында 15 жастағы жасөспірім рұқсатсыз көлік кілтін алып кеткені анықталды. Құқықбұзушы кәмелетке толмағандықтан, ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы "Құжатсыз және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы" және 591-бабы "Көлік құралын басқару кезінде жүргізушінің телефонды пайдалануы" бойынша жауап беруіне тура келеді", - деп түсіндірді полицейлер.