$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордадағы кейбір дәріханаларда психотропты препараттар ашық сатылып жатыр

Ал жауаптылар жеке кәсіп иелеріне ештеңе істей алмаймыз дейді

Елордадағы кейбір дәріханаларда психотропты препараттар ашық сатылып жатыр
Фото ашық дереккөзден

Елордадағы кейбір дәріханаларда психотропты препараттар ашықтан ашық сатылып жатыр. Тұрғындар өз шағымдарын Астана арнасы арқылы жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тұрғындардың сөзінше, олар тұратын көпқабатты үйдің айналасы адамнан арылмайды. Күндіз-түні дәріхананы торуылдайды дейді. Ал жауаптылар жеке кәсіп иелеріне ештеңе істей алмаймыз дейді.

Елорда тұрғындары  есті алар есірткінің ашықтан ашық саудаланып жатқанына   алаңдаулы. Кешкі уақытта тіпті далаға шығуға қорқамыз дейді.

«Мектептің маңайын қараңыз, дәрілердің қабығы толып жатыр. Таңертең үйімнің маңайында толған ер адамдар. Бәрі осы дәріханаға келіп кезекке тұрады.  Рецептпен берілетін дәрілер бұл жерде ашық сатылып жатыр», - дейді тұрғындардың бірі.

Жауапты комитет өкілдерінің айтуынша, бұл дәріханаға бұған дейін талай рет ескерту берілген.  Онан басқаға құзырымыз жоқ дейді.  

«Қазіргі Астана қаласында ең ірі негізгі деген 5-6 дәріхана бар. Олардың бәрі жеке кәсіпкер. Жеке кәсіпкерліктің мораторингіне келіп отырғандықтан оларды жеке тексеруден өткізе алмаймыз, өкінішке қарай», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы медицина және фармацевтикалық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әсия Молдиманова.

Мамандар Денсаулық сақтау министрлігі  психтропты дәрілерді есірткі типтес препараттар тізіміне енгізіп, қылмыстық іс қозғалатындай етсе деген ой айтады. Ал, қазір мұндай жағдай  әкімшілік бұзушылықпен ғана тіркеліп отыр дейді.  Ресей, Украина, Беларусь елдерінде құрамында есірткісі бар бұл дәрілерді сатуға мүлдем тыйым салынған.

 

 

Серіктес жаңалықтары