Қатты жаңбыр жауады: жұмаға арналған ауа райы болжамы

Azattyq Rýhy

Еліміздің солтүстік өңірлерінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы болады

 
Қатты жаңбыр жауады: жұмаға арналған ауа райы болжамы
© pixabay.com

Синоптиктер 20 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«Солтүстік-батыс циклон әсерінен ҚР басым бөлігінде жаңбыр, батыста қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел, облыстың оңтүстік-батысында шаңды дауыл, ҚР батысында түнгі уақытта тұман болады. Еліміздің солтүстік-шығысы мен орталығына антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Солтүстікте, батыста, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел күші15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.

Қостанай облысының орталығында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел  күші түнде шығыста 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, шығысында 23-28 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының күндіз солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болып, түнде солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20 екпіні 23 м/с жетеді.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай, облыстың солтүстігінде бұршақ, түнде облыстың батысында – тұман болып, түнде оңтүстікте, батыста, күндіз батыста, оңтүстікте, облыс орталығында жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, жел 15-20, екпіні 24-29 м/с жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл болып, жел күші 15-20, облыстың солтүстігінде кейде 23 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде найзағай болады, облыстың батысы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Түнде батыста, солтүстікте, орталықта, күндіз Атырау облысының басым бөлігінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде солтүстік-шығыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.                    

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.