Ақмола облысында жүк көлігіне тиелген 23,9 мың литр спирт тәркіленді

Azattyq Rýhy

Келген шығын көлемі – шамамен 20 миллион теңге

Ақмола облысында жүк көлігіне тиелген 23,9 мың литр спирт тәркіленді
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Ақмола облысында жүк көлігіне тиелген 23,9 мың литр спирт тәркіленді. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер және экономикалық тергеу департаменттерінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында жергілікті шаруашылық учаскесінің аумағындағы қоймада жүк көлігіне тиелген 24 пластик ыдысқа құйылған жалпы мөлшері 23 936 литр спирт тәркіленді. Келген шығын көлемі – шамамен 20 миллион теңге», - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, осы жағдайға байланысты облыстық экономикалық тергеу департаменті Қылмыстық кодекстің 214-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.