28 қаңтардан бастап Бейжіңнен келетін туристік топтарға шектеу қойылады
Қытайдан барлық әуе билеттері айыппұлсыз қайтарылады

Қазақстанның әуежайлары мен әуе компаниялары аса қатерлі инфекцияларға қарсы қажетті шаралар қолдануда. Бұл туралы Azattyq rýhy тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазіргі уақытта еліміздің әуежайларында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп ел аумағында аса қатерлі инфекциялардың таралуына қарсы қажетті шаралар атқарылып жатыр. Жолаушылар арнаулы стационарлармен және қол тепловизорлармен тексерілуде. Әуежай қызметкерлері күн сайын мұндай жағдайда жасалатын іс-әрекет тәртібі мен қатерлі инфекция анықталған елдерден келетін жолаушылармен жұмыс істеуде сақталуы тиіс қауіпсіздік шаралары өткізілуде.
«Ағымдағы жылғы 29 қаңтарда командалық-штабтық оқу жаттығулар өткізу жоспарланған. Онда барлық мамандандырылған күштер, әуежай мен мемлекеттік органдардың күшін тарта отырып, қатерлі инфекциялардың елге таралуына қарсы әуе кемесіндегі барлық элементтер пысықталады», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қазақстан жағынан Эйр Астана және SCAT әуе компаниялары, Қытай жағынан Air China және China Southern Airlines әуе компаниялары жолаушылар тасымалдайды. Барлығы аптасына 34 рейс жасалады, оның ішінде 22 рейсті отандық, 12 рейсті қытайлық компаниялар атқарады.
Эйр Астана әуе компаниясы ағымдағы жылғы 24 қаңтардан бастап Үрімші қаласына, 28 қаңтардан Бейжің қаласынан барлық туристік топтарды шегерді. Қытайдан барлық әуе билеттері айыппұлсыз қайтарылады.