ШұғылCOVID-19: Бір тәулікте 720 адамнан коронавирус анықталды

Тель-Авивтегі жарыстан кейін қазақстандық дзюдошылардың рейтинг көрсеткіші өзгерді

IJF Тель-Авивте өткен Гран Приден кейін бүкіләлемдік дзюдошылардың рейтингін жариялады

фото: Қазақстан ҰОК

Жаңартылған рейтингке сәйкес, Израильде өткен Гран При турнирінің күміс жүлдегері атанған қазақстандық Ерлан Серікжанов 9 орынға, яғни екі сатыға жоғарылады.

Жаңартылған рейтинг бойынша әлемнің үздік 50 балуаны тізіміне енген қазақстандық дзюдошылардың рейтингін ұсынамыз: 

60 келідегі Елдос Сметов – 2 орын (5809 ұпай) пен Ғұсман Қырғызбаев – 8 (4170);

66 келідегі Ерлан Серікжанов – 9 (3829) пен Елдос Жұмақанов – 19 (2775);

73 келідегі Жансай Смағұлов – 31 (1965);

81 келідегі Дидар Хамза – 24 (2282) мен Руслан Мұсаев – 41 (1279);

90 келідегі Ислам Бозбаев – 17 (2943);

100 келідегі Айбек Серікбаев – 46 (1045);

+100 келідегі Ерасыл Қажыбаев – 36 (1423);

23-25 қаңтарда Тель-Авив қаласында өткен Гран При турнирінен соң Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесі бойынша жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай қосылды. Жеңімпазға 700 ұпай, екінші орын алған спортшыға 490 ұпай, үшінші орын алған спортшыға 350 ұпайдан берілді.

Тегтер: