$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Степногорскідегі ЖЭО-дан бірқатар заңбұзушылық анықталды

Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Степногорскідегі ЖЭО-дан бірқатар заңбұзушылық анықталды
Фото: gov.kz

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті сәуір айында «Степногорск ЖЭО» ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тексеру барысында 2020 және 2021 жылдары «Степногорск ЖЭО» ЖШС күрделі жөндеуді толық көлемде жүргізбегені анықталды. Жылу орталығы басшылығының айтуынша, жөндеу жұмыстарының мерзімін бұзудың негізгі себебі – пандемия кезінде материалдарды уақтылы жеткізбеу. Бұл кемшіліктер 2021 жылы технологиялық заңбұзушылықтардың көбеюіне әкеп соқты.

Сондай-ақ электр станциясының қазандықтары жұмысының сенімділігінің төмендеуіне алып келген пайдаланудағы басқа да бұзушылықтар мен олқылықтар анықталды», - деп мәлімдеді Энергетика министрлігі.

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Степногорск ЖЭО» ЖШС-ға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Нұсқаманың орындалуы ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің тұрақты бақылауына алынды.

Серіктес жаңалықтары