$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктінің қашып кеткені туралы ақпарат жалған – Жамбыл облыстық ПД

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған

Кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдіктінің қашып кеткені туралы ақпарат жалған – Жамбыл облыстық ПД
Фото ашық дереккөзден

Жамбыл облыстық полиция департаменті кәмелетке толмаған қызды зорлады деген күдікке ілінген ер адамның қашып кеткені туралы қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігінде (Кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық) көзделген қылмысты жасады деген күдікке ілінген 30 жастағы ер адамның қашып кеткені туралы әлеуметтік желіде тараған ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Ол 2022 жылдың 6 мамырында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде (тергеу изоляторы) қамауда отыр.

Полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға, тек ресми ақпаратқа сенуге шақырды.

Басқа мәліметтер жария етілмейді.

Серіктес жаңалықтары