$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін

Ол 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін
Фото ашық дереккөзден

Қытайда өмір бойы бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылуы мүмкін. Бұл туралы Ақжарқынның адвокаты Сұңқар Нұрмағабметов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Ақжарқын Тұрлыбай ұсталды. Сол жылы Хошимин қаласында ростовтық Мария Дапирка тұтқындалды. Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес Орталық Азия өңірлік ақпараттық координациялық орталығы қыздарды нигериялық есірткі тобының құрбанына айналған деп мойындады. Екеуі де өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Ақжарқын Тұрлыбайдың жақын арада Қазақстанға қайтарылуын күтеміз», –  деп жазды Сұңқар Нұрмағамбетов.

21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойы бас бостандығынан айырды.

 

Серіктес жаңалықтары