Асхат Оралов «Үш сұрақ» бағдарламасында «AMANAT» партиясының жұмысы жайлы айтты

Azattyq Rýhy

«Үш сұрақ» бағдарламасының кезекті шығарылымына қонақ ретінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысты

ҚР Президенті Телерадиокешені «Үш сұрақ» бағдарламасының кезекті шығарылымына қонақ ретінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол партияның саяси бәсекеге дайындығы, аймақтағы филиалдардың жұмысын жандандыру және «Adal» партиясын құрамына қосып алған «AMANAT»-тың алдағы жоспарларына қатысты сұрақтарға жауап берді.

Асхат Оралов сөз арасында «AMANAT» партиясы Мемлекет басшысының қашанда сенімді тірегі болып қала беретінін айрықша атап өтті.

«Партия әкімшілік емес, министрлік емес, Үкімет емес. Партия – адамдар, адами капитал. Ол ортақ құндылықтар деп есептеуге болады. Сондықтан біз халықтың сөзін сөйлейтін, Президенттің тірегі болып қала береміз. Мемлекет басшысының тапсырмаларын ауылдағы ағайынға қарапайым тілмен түсінікті етіп жеткіземіз. Мемлекет пен халық арасында көпір боламыз деген мақсатымыз бар», – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы.

Бағдарлама барысында «AMANAT» партиясына қатысты өзге де маңызды мәселелер қозғалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.