Алматыда 30-дан астам егде жастағы әйелді тонап кеткен ер адам ұсталды

Azattyq Rýhy

Күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды

inform.kz

Алматыда 30-дан астам егде жастағы әйелді тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақпаратқа сілтеме жасап.

1984 жылы туған К. есімді күдіктіні Алмалы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстады.

«Қаланың Әуезов, Бостандық, Медеу аудандарының аумағында оның 30-ға жуық қылмысы тіркелді. Ол өзіне тек зейнет жасындағы құрбандарды іздеген. Қолында ауыр сөмкесі бар егде жастағы адамдарға әдепті, тәрбиелі адам сияқты көрінген ол, әжелермен әңгімелесіп, сөмкелерін пәтерге дейін жеткізіп беруді ұсынып, артынша ақша, әмиян, ұялы телефондарын ұрлап жүрген» , - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Күдіктінің бұрын да сотты болғаны анықталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.