$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылады

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 20 мамырға дейін қабылдауы керек

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылады
Бейнеден кадр

Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиді қызметінен босату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Мемлекеттік қызмет істері департаментіндегі Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері жоғары лауазымды тұлғаны қызметінен босату туралы шешім қабылдап, басқармаға ұсыныс жасады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы шешімді 10 жұмыс күні ішінде (20 мамырға дейін) қабылдауы керек», - деді Алматы әкімінің баспасөз қызметінен.

 Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары қызметкермен сыйақы туралы сөз таластырған видео пайда болған еді. Кейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті дәрігер Лаура Мырзағалиға қатысты тексеру басталғанын мәлім етті.


 

 

Серіктес жаңалықтары