$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда жолаушыны ұрып-соғып, ақшасы мен телефонын тартып алған такси жүргізушісі ұсталды

Күдікті ер адам бұрын ұрлық үшін сотталған

Нұр-Сұлтанда жолаушыны ұрып-соғып, ақшасы мен телефонын тартып алған такси жүргізушісі ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында жолаушыны ұрып-соғып, ақшасы мен телефонын тартып алған 30 жастағы такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, полицияға қала тұрғыны шағымданған. Айтуынша, оны такси жүргізуші соққыға жығып, ақша салынған сөмкесі мен ұялы телефонын тартып алған.

"Тергеу барысында такси жүргізуші жолаушыны үйіне жеткізгені анықталды. Жолда келе жатқанда екеуінің арасында жанжал шыққан. Салдарынан күдікті күш қолдану арқылы жәбірленушіні тонаған", - делінген хабарламада.

Полицейлер 30 жастағы күдіктіні ұстады. Ер адам бұрын ұрлық үшін сотталған.

Бұл фактіге қатысты "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті кінәсін мойындады, қазір оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Елордалық полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды ескертті. Заңға қайшы әрекет жасалса, дереу полицияға "102" арнасына хабарлау қажет.

 

Серіктес жаңалықтары