Елордада «Музей түні» акциясы өтеді

Azattyq Rýhy

Халықаралық музей күні мерекесі 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің Бас конференциясында бекітілген

Елордада «Музей түні» акциясы өтеді
фото: egemen.kz

Елордада Халықаралық музейлер күніне арналған «Музей түні» акциясы аясында «Музей құдіреті» мәдени-танымдық шарасы өтеді. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі» баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шара 18-мамыр күні сағат 18:00-де басталып, түн ортасына дейін жалғасады.

«Мақсаты – мәдени құндылықтарды, халқымыздың тарихын, мәдениетін бір кеңістікке біріктіре отырып, әр түрлі жанр мен стильдегі өнер туындыларын ұсыну, музей қызметін, ондағы экспонаттар мен жәдігерлерді кеңінен насихаттау», делінген хабарламада.

Айта кетейік, жыл сайын 18 мамырда халықаралық музей күні аталып өтіледі. Оның аясында әлем елдерінде «Музей түні» акциясы ұйымдастырылады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.