$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстаулық фермерлерге арзандатылған бағамен 5 мың тонна бидай кебегі жеткізіледі

Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді

Маңғыстаулық фермерлерге арзандатылған бағамен 5 мың тонна бидай кебегі жеткізіледі
фото: kk.birmiss.com

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысының мал шаруашылығы кәсіпорындарына Азық-түлік корпорациясы арқылы биыл мамыр-маусымда арзандатылған бағамен 5 мың тоннаға дейін бидай кебегі жеткізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңес барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев баяндады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министр Ербол Қарашөкеевтің айтуынша биыл астық қорын қалыптастыру үшін 200 мың тонна көлемінде форвардтық сатып алуға 20 млрд.теңге бөлінеді. Бұл 2021 жылғыдай құрғақшылық қайталанған жағдайда мал мен құстың сақталуын қамтамасыз етеді.                                           

Сондай-ақ, бүгінгі кеңесте тағы бір маңызды мәселе белгілі болды.

 «Биылғы жылдың мамыр-маусым айларында Азық -түлік корпорациясы арқылы арзандатылған бағамен 5 мың тоннаға дейін бидай кебегі жеткізіледі», - деп толықтырды сөзін Ербол Қарашөкеев.

Маңғыстаулық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жан-жақты шаралар қабылданды. Тек Маңғыстау облысының әкімдігі 2022 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға жергілікті бюджеттен 579,7 млн.теңге бөлді.

Сондай-ақ, мұнай компанияларының қолдауымен жем-жөп бағасы 1 қап кебек үшін 1900-2100 теңгеден 3 200 тонна көлемінде 1500 теңгеге дейін төмендетілді.

Серіктес жаңалықтары