12.05.2022, 13:32
Жаңалықтар
Павлодарда жүргізуші бағдаршамнан өтіп бара жатқан зейнеткерді қағып кетті
Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр
Фото: pavlodarnews.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
12 мамырда «Audi Q7» маркалы автокөлігінің 61 жастағы жүргізушісі Бектұров көшесімен солға бұрылып, Торайғыров көшесінен өтіп бара жатқан 64 жастағы жаяу жүргіншіні бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде қағып кеткен.
«Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізіледі», - дейді департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам №1 қалалық ауруханаға бас миының шайқаулы, іш және жамбас жарақаты диагнозымен жеткізілді. Жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, газонға шығып кеткен. Өзі аман.
Көп оқылған
04.10.2026, 06:19
Домбыра сабағы кезінде баланы ұрған: полиция қылмыстық іс қозғады
04.10.2026, 22:34
Ақтөбеде алғашқы қар жауды (ВИДЕО)
04.10.2026, 07:27
Қар аралас жаңбыр, тұман, жел: 4 қазанға арналған ауа райы болжамы