$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бұл – нағыз қаһармандық пен қайсарлықтың мерекесі – Мәулен Әшімбаев

Ол батырлардың есімі мен ерлігін ұлықтау кейінгі ұрпақтың борышы екенін еске салды

Бұл – нағыз қаһармандық пен қайсарлықтың мерекесі – Мәулен Әшімбаев

Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті достар! Баршаңызды Жеңіс күнімен құттықтаймын.

Бұл – нағыз қаһармандық пен қайсарлықтың мерекесі. Бүгін осы атаулы датаға орай Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевпен бірге «Отан Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым еттік.

Жеңіс күніне орай ұлтымыздың даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының ескерткішіне де арнайы бардым. Бәукең – қазақ үшін ерлік пен өрліктің символы. Аты аңызға айналған батырдың тұлғасын біз қашанда ардақ тұтамыз», - деді Сенат спикері.

Ол сөзін жалғай отырып, батырлардың есімі мен ерлігін ұлықтау кейінгі ұрпақтың борышы екенін еске салды.

«Еңселі елдік – ерен ерліктің нәтижесі. Сондықтан аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты жолын әрдайым ұлықтау – біздің перзенттік борышымыз. Сол себепті таяуда ғана Мемлекет басшысы ерлігі уақытында ескерілмеген батырлар Төлеуғали Әбдібековке, Александр Несмияновқа және Ыбырайым Сүлейменовке «Халық қаһарманы» атағын берді. Бұл – тарихи әділдікті қалпына келтірудің жарқын көрінісі.

Бейбітшілік пен береке-бірліктің қадірін арттыратын мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық, жерімізге тыныштық тілеймін! Әрдайым қастерлі Тәуелсіздігімізді бағалай білейік.

Жеңіс күні құтты болсын!» - деп жазды Мәулен Әшімбаев.

Серіктес жаңалықтары