06.05.2022, 15:13
Жаңалықтар
Украинадан қашқан босқындар саны 5,7 миллионнан асты
Польшаға Украинадан үш миллионнан астам босқын барды
Фото: 5.ua
24 ақпан мен 5 мамыр аралығында 5 707 967 босқын Украинаның көрші елдермен шекарасын кесіп өтті. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқармасы (UNHCR) мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҰҰ БЖКБ мәліметінше, 24 ақпаннан бері елден кеткен Украина азаматтарының жартысынан көбі Польшаға орналасқан.
Осылайша, Польшаға – 3 119 196, Румынияға – 854 292, Ресейге – 714 713, Венгрияға – 545 311, Молдоваға – 450 797, Словакияға – 388 282, Беларуське 25 852 украиналық кеткен.
Сонымен қоса, БҰҰ БЖКБ 2022 жылдың 18-23 ақпаны аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 000 адамның кеткенін хабарлады.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды