06.05.2022, 14:58
Жаңалықтар
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғаған
Жұмыскерлерге ала алмай жүрген жалақылар төленген
Фото: ашық дереккөзден
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 333 кәсіпорнында 7 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 689 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 204 нұсқама беріліп, 40 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 4,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 430,7 млн теңге төленді.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды