06.05.2022, 10:06
Жаңалықтар
ШҚО-да ҰОС ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден беріледі
Шығыс Қазақстанда 218 наградталған тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңгеден беріледі
Фото: qazaquni.kz
Шығыс Қазақстан облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1,5 миллион теңге көлемінде сыйақы беріледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биыл келесі көлемде біржолғы материалдық көмек көрсету жоспарланған (01.04.2022 ж. көрсетілген тұлғалар саны):
- 42 ҰОС қатысушысы мен мүгедектеріне – 1,5 млн теңгеден;
- Кеңес әскерінің ерікті жалдама құрамының 1 адамына – 100 мың теңгеден;
- Блокада кезеңінде жұмыс істеген 9 адамға – 100 мың теңгеден.;
- Концлагерьлердің 17 бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына – 100 мың теңгеден;
- 393 ҰОС қатысушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне – 100 мың теңгеден;
- 218 наградталған тыл еңбеккерлеріне – 100 мың теңгеден;
- 10 074 марапатталмаған тыл еңбеккерлеріне – 50 мың теңгеден.
10 754 ардагер, оларға теңестірілген және еңбек ардагерлері үшін төлемдердің жалпы сомасы 630 500 мың теңгені құрайды.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады