Қазақстанға қай елдерден ақша жиі аударылады

Azattyq Rýhy

Алғашқы бестіктің басында Ресей тұр

Фото: ашық дереккөзден

2022 жылдың наурыз айында Қазақстанға шетелден аударылған қаржының жалпы сомасы 25,58 млрд теңгені құрады. Яғни, қаңтардағы көрсеткішпен салыстырғанда 88,2%-ға немесе 11,99 млрд теңгеге артқан. Қазақстанға көбінесе Ресейден ақша аударылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LSM сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банк мәліметінше, 2022 жылдың наурыз айында халықаралық ақша аудару жүйесі арқылы көрші елден Қазақстанға 4,56 млрд теңге жіберілсе, қаңтарда бұл көрсеткіш 1,62 млрд теңге деңгейінде болған. Осылайша, үш айдағы өсім 181,4 пайызды құрады. Ақпан айында да белсенділік байқалды – ол кезде Ресейден 2,22 млрд теңге аударылған. Салыстыру үшін айта кетсек, 2021 жылдың наурыз айында Ресейден біздің елімізге 5,27 млрд теңге аударылған болатын.

Қазақстан Республикасына ең көп ақша аударған елдердің бестігіне Өзбекстан (4,32 млрд теңге), Корея Республикасы (3,58 млрд теңге), АҚШ (3,73 млрд теңге) және Қырғызстан (2,41 млрд теңге) кіреді. Бұл операцияларда қолданылатын негізгі валюта – АҚШ доллары.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.