Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады
Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер енгізуге қатысты бейнеүндеуінде елімізде өлім жазасының мүлде жойылатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Конституцияның жаңарған нұсқасында Президенттің барлық саяси күштер мен партиялардан дербестігін бекіту көзделген. Мемлекет басшысының жақын туыстарына саяси лауазым иеленуге және квазимемлекеттік секторда басшылық қызмет атқаруға тыйым салынады. Сондай-ақ құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізіледі. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, яғни омбудсменнің мәртебесі Ата заңмен айқындалады. Елімізде өлім жазасы мүлде жойылады. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр. Алдағы конституциялық реформа ел дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді», - деді Мемлекет басшысы.