$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атыраулық оқушы бір айда полицияға 4 рет жалған хабар берген

Жасөспірімнің анасына 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды

Атыраулық оқушы бір айда полицияға 4 рет жалған хабар берген
Фото ашық дереккөзден

Атыраулық оқушы бір айда полицияға 4 рет жалған хабар берген. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Департамент мәліметінше, 10-сынып оқушысы полицияға жалған хабар беруді 28 наурызда бастаған.

 «Атырау қалалық полиция басқармасының 102 операторына хабарласып, 28 наурызда кешкі сағат 21:58 шамасында мән-жайды түсіндірместен М.Баймұханов көшесінде орналасқан пәтерге полиция қызметкерлерін шақыртқан. Ал, 26 сәуірде №31 мектептің ауласында орналасқан футбол алаңында жасөспірім балалар төбелесіп жатқанын хабарлаған. Бұдан кейін 29 сәуір сағат 22:48 шамасында Байқоңыр көшесінде орналасқан ойын алаңында белгісіз адамдар автокөліктерге тас лақтыратынын айтқан. Төртінші рет 30 сәуірде көпір маңында 14-15 жастағы жасөспірімдер электрошокер мен бөтелке ұстап, төбелескелі жүргенін жеткізген. Полиция қызметкерлері аталған деректерді тексеріп, берілген хабарлардың төртеуі де жалған екенін анықтады», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тексеру кезінде жалған хабар беріп жүрген Атырау қаласындағы мектептің 10-сыныбында оқитын 16 жасар жасөспірім екені белгілі болды. Осыған байланысты жасөспірімнің анасына – 39 жастағы азаматшаға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 438-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі айыппұл 50 пайыз жеңілдікпен салынды.

Айыппұл сомасы 45 945 теңгені құрады.

 

Серіктес жаңалықтары