Павлодар облысында 280 келі балықты заңсыз тасымалдағандар анықталды

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде

Павлодар облысында 280 келі балықты заңсыз тасымалдағандар анықталды
Фото ашық дереккөзден

Павлодар облысында 280 келі балықты заңсыз тасымалдағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

“Нерест” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында сағат 22.00 шамасында Павлодар облысы Ленин кентінің маңында полиция қызметкерлері ВАЗ-21043 автокөлігін тоқтатты. Көліктің жүксалғышынан жалпы салмағы 280 келі болатын 11 қап балық табылды, бұл ретте жүргізуші мен жолаушыда жүкке рұқсат құжаттары болмаған», – деді Павлодар қаласының Солтүстік полиция бөлімінің бастығы Бекзада Бөлежанов.

Сонымен қатар, Май ауданы Жұмыскер елді мекенінің жанындағы Қарасор көлін жалға алушы полицияға арызданған. Ер адам құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне белгісіз адамдар осы көлде заңсыз балық аулағанын айтты. Осылайша, жалпы сомасы 428 550 теңгеге материалдық залал келтірді.

«Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, автокөлік айыппұл тұрағына қамалды, балық тәркіленді», – деп атап өтті полицияда.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.