$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада екі жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен ер адам ұсталды

Бұл факті бойынша анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр

Елордада екі жаяу жүргіншіні қағып, қашып кеткен ер адам ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Елордада екі жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен 58 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарады. Автор Нұр-Сұлтанда екі әйелді көлік қағып кеткенін айтқан. Зардап шеккен бір әйелдің қасында кішкентай баласы болған.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін, 4 мамыр "Лада Ларгус" жүргізушісі Кенесары көшесі мен Республика даңғылы қиылысында екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Артынша оқиға орнынан ізін жасырған.

"Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері автокөлікті Отырар көшесіндегі үйдің ауласында тоқтатты. Рөлде 58 жастағы жүргізуші отырған. Қазір ол куәландыруға жіберілді", - деді полиция департаментіндегілер.

Бұл факті бойынша анықтау жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша кінәлі адамға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

Серіктес жаңалықтары