$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақмола облысында мыңға жуық мал белгісіз дертке шалдықты

Ветеринарлық қызмет мамандары ауру мал басын тексеріп, емдеуде

Ақмола облысында мыңға жуық мал белгісіз дертке шалдықты
Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысының Ерейментау ауданында 716 бас ірі қара мен 160 бас ұсақ мал белгісіз дертке шалдықты. Бұл туралы облыстық ветеринария басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде, ауру малдар тексеріліп, симптоматикалық ем жүргізіліп жатыр.

 «Еркіншілік ауылында 10 сәуір-3 мамыр аралығында 716 бас ірі қара мал және 160 бас ұсақ мал ауырып қалды. Ветеринарлық қызмет мамандары бүкіл елді мекендердегі ауру мал басын тексеріп, емдеуде. Заңнамаға сәйкес ем мал иелері есебінен жүргізіліп жатыр», - деді ветеринария басқармасынан.

Ведомстводан атап өткендей, аса қауіпті ауруларға диагноз қою үшін ағымдағы жылдың 11 және 29 сәуір күндері Еркіншілік ауылынан Ветеринария бойынша ұлттық референт орталығына ауру жануарлардан патологиялық материал 2 рет жіберілген. Алайда, диагностикумдардың болмауына байланысты жіберілген материалдар зерттелмеген, зертханада сақтауда тұрған көрінеді.

 Осы ретте аудан тұрғындарына әлеуметтік мессенджерлер арқылы Ерейментау ауданының Еркіншілік және Новомарковка ауылдарындағы этиологиясы белгісіз ауру шыққаны туралы хабарлама тараған. Онда Еркіншілік ауылы карантинге алынғаны және тұрғындарға ет, май, қаймақ, айран, сүт және ірімшік сияқты ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алмау жөнінде кеңес берілген.

Ақмола облыстық ветеринария басқармасының мамандары бұл хабарламадағы ақпарат шындыққа жанаспайтынын, аталмыш елді мекендерде карантин енгізілмегенін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары