Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

Azattyq Rýhy

Мәслихат депутатын 30 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарылған болатын

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды
Фото ашық дереккөзден

Сот мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 4 мамырда аппеляциялық сот отырысы өтті.

 «Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын күшінде қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады. Бұған дейін тергеу соты іс-әрекетті саралау туралы шешім қабылданғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген болатын», - делінген соттың хабарламасында.

 Еске сала кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады. Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған. Кейін ол бір айға қамауға алынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.