Петропавлда колледж маңынан асылып тұрған жігіттің денесі табылды

Azattyq Rýhy

Полиция «суицид» бабымен іс қозғады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Петропавлдағы құрылыс-экономикалық колледж ғимаратының маңынан асылып тұрған жігіттің денесі табылды. Ол осы оқу орнында «құрылысшы» мамандығына оқып жатқан 1-курс студенті болып шықты. Мұндай ақпаратты колледж әкімшілігі растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, жігіт түнде спирттік ішімдік ішкен. Ал таңғы сағат 8.00 шамасында оның денесі табылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 мамыр күні Назарбаев көшесі, 262 мекенжайындағы колледжде 19 жастағы студенттің мүрдесі табылды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барды.

Суицид дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Тиісті сараптама жүргізіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.