04.05.2022, 16:57
Жаңалықтар
Эльдар Жұмағазиев «AMANAT» партиясының Хатшысы болып тағайындалды
Ол бүгінге дейін «ADAL» партиясының Хатшысы қызметін атқарып келді

Бүгін партия Төрағасы Ерлан Қошановтың қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы болып Эльдар Жұмағазиев тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Эльдар Жұмағазиев 1973 жылы 12 мамырда дүниеге келген. Атырау Мұнай және газ институтының түлегі. 2007 жылы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірді.
- 1996 жылдан 2002 жылға дейін коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарды атқарды. 2002-2006 жылдары Атырау облысы ішкі саясат департаментінің бөлім басшысы болды. 2006-2011 жылдары «Атырау-Ақпарат» медиахолдингін, 2011-2012 жылдары Атырау облысының ішкі саясат басқармасын басқарды.
- 2014 жылдан бастап «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасында түрлі қызметтер атқарды, басқарма төрағасының кеңесшісі, аппарат басшысы, басқарма төрағасының бірінші орынбасары болды.
- 2020 жылдың қараша айынан бастап «ADAL» партиясының Хатшысы қызметін атқарды.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
17.08.2025, 20:41
Шерзат Полат ісі: куәгер ретінде қатысқан екі қыздың ісіне қатысты тың мәлімет жарияланды
17.08.2025, 12:26
«Күндерім бар қайғылы»: Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды
17.08.2025, 18:05
Дүйсенбіде бір өңірде ғана жаңбыр жаумайды – синоптиктер болжамы
17.08.2025, 16:49
«Шай мен сыра»: Желіде Баян Алагөзованың қыздары талқыға түсті (ВИДЕО)
17.08.2025, 17:33
Желіде той үстінде жас жұбайларға KFC берген видео талқыланып жатыр
Редактордың таңдауы
14.08.2025, 15:26
Отбасы банк ақша тапты: «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта басталады