$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қарағандылық NIS түлегі Гонконг университетінің үздік студенті атанды

Мұғалімдер Гүлжанды кез келген ортаның көңілін көтеретін жарқын тұлға және оптимист деп атайды

 

Қарағандылық NIS түлегі Гонконг университетінің үздік студенті атанды
Фото: gov.kz

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Гүлжан Алдан Гонконг политехникалық университетінің үздік студенттерінің бірі атанды. Қазір ол университеттің құрылыс ортасы және энергетика департаментінің төртінші курсында оқиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлегі Гүлжан Алдан Гонконг политехникалық университетінің үздік студенттерінің бірі атанды. Қазір ол университеттің құрылыс ортасы және энергетика департаментінің төртінші курсында оқиды.

Гүлжан 2018 жылы Қарағандының Назарбаев Зияткерлік мектебін бітірді. Жақында ол оқудағы ерекше жетістіктері мен университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны үшін Үздік студент атағына ие болды. Қыз бала өз әсерлерімен және жоспарларын бөлісті.

«Төртінші курстың басында мен энергия саласында зерттеулермен айналысқым келетінін түсіндім, сондықтан бакалавриатты бітіргеннен кейін оқуды PhD in Mechanical Engineering бағдарламасы бойынша жалғастырамын. Әрине, Үздік студент атағы мен үшін үлкен жауапкершілік. Мен қазақстандық оқушыларға бірнеше кеңес бергім келеді. Біріншіден, оқуға және білм алуға бар күшіңді салу керек. Екіншіден, өзіңді басқалармен салыстырудың қажеті жоқ және бір нәрсе болмай жатса, ренжіп, енсеңді түсмеу керексің. Жұмысты жалғастырып, өз күшіңе сену керек. Үшіншіден, мүмкіндік жоқ жерде өзіңізді сынап көрсеңіз жақсы болар еді. Егер қолыңыздан келсе, сіз өзіңіз қалаған нәтижеге қол деткізесіз, ал болмай жатса – сізге жоқ деген жауп келер. Ол жасалмаған нәрсеге өкінуден әлдеқайда жақсы», - дейді Гүлжан.

Мұғалімдер Гүлжан кез келген ортаның көңілін көтеретін жарқын тұлға және оптимист деп атайды. Мектеп қабырғасында да ол құрдастарынан күрделі мәселелерді шешудің стандартты емес тәсілдерімен ерекшеленді.

«Гүлжан – бірегей бала. Мені әрқашан оның ойлау логикасы таң қалдырады. Ол әрдайым оқуға жауапкершілікпен қарады. Қорықпай, қиын міндеттерді қолға алды, кейде тіпті қосымша шарттар ойлап тауып, оларды қиындатып жіберетін. Ол жан-жақты дамыған. Әрқашан өз білімін қайда және қандай салаларда қолдана алатындығын түсінуге тырысты. Осыны байқаған соң мен оған 2018 жылы Ы. Алтынсарин атындағы Ғылыми білім академиясының "Білім – Образование" журналына бірлескен мақала жазуды ұсындым. Онда ол математиканың қолданбалы сипатын әртүрлі бөлімдерде аша білді», – дейді Қарағандының NIS математика пәнінің мұғалімі Светлана Петерс.

Серіктес жаңалықтары