03.05.2022, 08:44
Жаңалықтар
БҰҰ: Украинадан қашқан босқындар саны 5,5 миллионнан асты
Польшаға Украинадан үш миллионнан астам босқын барған
aa.com.tr
24 ақпан мен 2 мамыр аралығында Украинадан қашқан 5 563 959 босқын көрші елдермен шекараны кесіп өтті. Бұл туралы дүйсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
БҰҰ басқармасының хабарлауынша, 24 ақпаннан бері елден кеткен Украина азаматтарының жартысынан көбі Польшаға барған.
Осылайша, Польшаға – 3 056 826, Румынияға – 825 874, Ресейге –681 156, Венгрияға –530 157, Молдоваға – 447 604, Словакияға – 379 447, Беларуське 25 002 босқын өткен.
Сонымен қатар 2022 жылдың 18-23 ақпаны аралығында Украинаның Донецк және Луганск облыстарынан Ресейге 105 000 адам кетіп қалғаны хабарланды.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді