Ауа райы: еліміздің бірнеше өңірінде бұршақ жауады
Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейеді
Синоптиктер 3 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр, елдің таулы аудандарда, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша найзағай ойнап, жел күшейіп, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында бұршақ жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Атап айтқанда, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай ойнап, дауыл соғып, жел 15-20 м/с жетеді, күндіз таулы аудандарда бұршақ жауады.
Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында – найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының шығысында жел 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының шығысында тұман түседі, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының орталығында найзағай ойнайды, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде найзағай болып, жел 15-20 м/с жетеді.
Ақмола облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.