01.05.2022, 15:24
Жаңалықтар
Павлодар облысында пойыз шатырында селфи жасамақ болған қыз токқа түсті
Жасөспірім қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды
Фото ашық дереккөзден
Павлодар облысында пойыз шатырында селфи жасамақ болған қыз токқа түсті. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің сөзінше, оқиға 30 сәуірде болған. Сағат 22.10-да электржарақат алған қыз туралы ақпарат түскен. 8 минуттан кейін дәрігерлер келген.
2004 жылғы қыз бірден ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлердің сөзінше, қыздың жағдайы ауыр. Қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.
"Бүгін науқас Павлодардағы №1 аурухананың күйік бөліміне ауысады. Куәгерлердің сөзінше, қыз пойыз шатырына селфи жасау үшін шыққан", - деді ведомство өкілдері.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 14:25
Астанада «Sardar group» компаниясы былтыр ғана салған үйден жаңбыр сорғалап тұр (ВИДЕО)