$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Өндірістегі апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік беретін жоба іске қосылды

Пилоттық жоба өндірістегі қауіпсіздік мониторингін онлайн режимде жүзеге асырады

Өндірістегі апаттық жағдайларды азайтуға мүмкіндік беретін жоба іске қосылды
Фото ашық дереккөзден

Төтенше жағдайлар министрлігі мен «Қазмырыш» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздікті бақылайтын цифрлық жобаны іске қосты. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, пилоттық жоба кәсіпорынның қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін «Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторы» ақпараттық жүйесіне орналастырады. Бұл металлургтер мен кеншілердің өндірістік алаңдарында қауіпсіздік мониторингін онлайн режимде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«Ақпараттық жүйе қауіпті өндірістік нысандарда мемлекеттік қадағалаудың негізгі міндетін іске асыруға, адам өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етуге, өндірістегі авариялық жағдайлардың, оқыс оқиғалардың және жарақаттануды барынша азайтуға және болдырмауға мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары