Ақтөбеде әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары мүгедек балаларды ұрып-соққан
Прокуратура кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтады
Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары мүгедек балаларды ұрып-соққанын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақтөбе қаласы Астана ауданының прокуратурасы ақыл-есі кем, БЦП, Даун синдромы, барлық дәрежедегі олигофрениясы бар балаларға арналған «№1 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлері тәрбиеленушілеріне зорлық-зомбылық көрсеткені туралы хабарлама алған.
«Прокурорлар дереу осы мекемеге барып, онда бейнебақылау камераларын арқылы Орталық қызметкерлері кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерге қатысты бірнеше рет ұрып-соғу, басқа да зорлық-зомбылық әрекеттерін қолданғанын анықтады», деп көрсетті Ақтөбе облысының прокуратурасы баспасөз қызметі.
.Аталған факті бойынша аудан прокуратурасымен Қылмыстық кодекстің 110-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс материалдары Ақтөбе қаласының Полиция басқармасына жолданды.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.