$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ауа райы. Қазақстанның бірқатар аймағында ескерту жарияланды

Қазгидромет өңірлерде жел күшейіп, найзағай ойнайтынын болжады

Ауа райы. Қазақстанның бірқатар аймағында ескерту жарияланды
фото: almaty.tv

Еліміздің 9 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің болжамынша Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында 15-20 м/с жел тұрады. Солтүстік-шығыстан, батыстан, оңтүстіктен және облыс орталығынан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Атырау қаласында күндіз найзағай, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с жетеді. Орталықта, шығыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші – 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталық бөлігінде найзағай ойнайды. Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан соғатын жел облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с болады.

Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай ойнап, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, найзағай ойнайды.

Қостанай қаласында солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз Маңғыстау облысының шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында солтүстіктен жел соғады, солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз солтүстік, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с.

Серіктес жаңалықтары