$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұр-Сұлтанда нашақорлықтың алдын алу бойынша акция өтті

Іс-шараның мақсаты-диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың санын азайту және жастар арасында нашақорлықтың алдын алу

Нұр-Сұлтанда нашақорлықтың алдын алу бойынша акция өтті
фото: www.gov.kz

Елорда әкімдігі полиция департаментімен бірлесіп "Астана жастары" ЖРО және "Есірткісіз ұлт" нашақорлықтың алдын алу қауымдастығының қатысуымен есірткіге қарсы акция өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Акция барысында "Астана жастары" КММ еріктілері есірткі сататын сайттар туралы мәліметтерді қамтитын жазбаларды анықтау және бояу бойынша рейд жүргізді. Сондай-ақ, қала тұрғындарына 1000-нан астам есірткіге қарсы ақпараттық буклеттер таратылды.

"Акцияға қатысушылар тұрғындарды есірткіні тұтынудың зияны және есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы хабардар ету бойынша сауалнама жүргізді; "Есірткісіз Ұлт" нашақорлықтың алдын алу қауымдастығындағы ремиссиядағы есірткіге тәуелді адамдармен кездесті", деп көрсетті қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараның соңында елордалық полиция департаментінің кинологиялық орталығында студент жастарға арналған дәріс оқылды, онда қатысушыларға есірткі, жарылғыш заттардың имитаторларын анықтау бойынша қызметтік-іздестіру иттерінің жұмысы көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары