29.04.2022, 11:29
Жаңалықтар
«Қазгидромет»: Алдағы демалыс күндері күн райы салқын болады
Ел аумағына тағы бір суық антициклон басып кіреді
Фото: dreamstime.com
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Демалыс және мереке күндері, қазақстандықтарды көктемгі ауа райы қуантпайтын болады. 1 мамырда ел аумағына тағы бір суық антициклон басып кіріп, жылы ауа массаларын елден тыс жерлерге ығыстыра бастайды.
Суықтың көп бөлігі солтүстік аймақтарға кетеді: түнде термометр бағандары 0-5 жылуды көрсетеді. Ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтар тауларды суықтан қорғайды, осылайша жылы, бірақ жаңбырлы ауа райы болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты