$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкент тұрғыны ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізіп жіберген

Келтірілген залал 1 млн 200 мың  теңге

Шымкент тұрғыны ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізіп жіберген
фото: Polisia.kz

Шымкент тұрғыны ойын приставкаларын жалға алып, ломбардқа өткізіп жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкент қаласы Абай ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтық жайты туралы арызданды. Тұрғынның айтуынша, ғаламторда орналастырған хабарламасы арқылы бейтаныс азамат одан ойын приставкасын бір тәулікке жалға алған. Келесі күні жалдау уақыты біткен соң, ер азамат байланысқа шықпай қойған және алған затын қайтармаған.

«Дәл осыған ұқсас арыз-шағымымен бірнеше күннен кейін тағы бір қала тұрғыны полицияға жүгінді. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 1,2 млн теңгені құрады. Полицейлер 190-бабы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тәртіп сақшылары алаяқтық жасаған адамды анықтау үшін бірқатар іс-шаралар жүргізді. Оның жәбірленушілермен кездескен жерлерін, сол жерлерге жақын орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеріп, куәгер болуы мүмкін барлық тұлғалардан жауап алды», делінген хабарламада.

Нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол ойын приставкаларын ломбардқа өткізіп жібергені белгілі болды. Тергеушілер істі айыптау актісімен сотқа жолдады.

Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары